Назарбаев Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Жеделхатта Мемлекет басшысының Газиантеп қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. Терроризмнің тамырына балта шабу - әлемдік қоғамдастық үшін ең басты мәселе. XXI ғасырдың індетіне қарсы күресте біз бауырлас түрік халқымен біргеміз", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ердоғанға, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша түрік халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында үйлену тойы кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 50 адам қаза тауып, 94 адамның зардап шеккен болатын. Кейінірек БАҚ-тарда бұл жарылысты 12-14 жастағы жасөспірімнің жасағаны хабарланды. Ол адамлар билеп жатқан сәтті жарылғыш затты іске қосқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети