Назарбаев Ердоғанға Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

11 Желтоқсан 2016, 11:58
0
Назарбаев Ердоғанға Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты -

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Ердоғанға Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы оқиғаны зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. 

"Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Ыстамбұлда бірден екі теракт болып, қаза тапқандардың саны 29 адамға жеткен болатын. Оқиға орнындағы жергілікті телеарна мәліметінше, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылып кеткен. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы - полицейлер.

Ал кейінірек Түркия президенті Ыстамбұлда болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады. Агенттіктің мәліметінше, Ердоған террористік акт қауіпсіздік қызметіндегілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Сонымен қатар, президент Түркияның террористік ұйымдармен әлі де күресіп жатқанын айтты. Ердоған Түркияның бұл лаңкестерді жауапкершілікке тартатынын айтып өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай