11 желтоқсан 2016 10:30

Түркия президенті Ыстамбұлда болған терактіге байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда болған терактіден адамдардың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.


Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда болған терактіден адамдардың қайтыс болғанын растады, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, Ердоған террористік акт қауіпсіздік қызметіндегілер мен бейбіт тұрғындарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Сонымен қатар, президент Түркияның террористік ұйымдармен әлі де күресіп жатқанын айтты. Ердоған Түркияның бұл лаңкестерді жауапкершілікке тартатынын айтып өтті.

Ал РИА Новости басылымының мәліметінше, Ердоған Ыстамбұлда болған терактіні ұйымдастырушылардың барынша көп адамның көзін жойғысы келгенін айтты. "Бүгін түнде біз тағы да террористік әрекеттердің куәгері болдық. Олардың футболдан кейін бірден теракт ұйымдастырудағы мақсаты барынша көп адамның көзін жою керек болғаны түсінікті. Өкінішке қарай, терактіден зардап шеккендермен қоса, қаза тапқандар да бар", - деп келтіреді агенттік Түркия президентінің сөздерін.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Ыстамбұлда бірден екі теракт болып, қаза тапқандардың саны 29 адамға жеткен болатын. Оқиға орнындағы жергілікті телеарна мәліметінше, полицейлер отырған автобустың маңында миналанған көлік жарылып кеткен. Жарылыстан зардап шеккендердің барлығы - полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети