14 қыркүйек 2018 | 09:03

Назарбаев Ердоғанмен келіссөзі туралы айтып берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі, Режеп Ердоғанға қонақжайлық көрсеткені үшін алғысын білдірді, сонымен қатар өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі, Режеп Ердоғанға қонақжайлық көрсеткені үшін алғысын білдірді, сонымен қатар өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипатын атап өтті. "Біздің ортақ тарихымыз бен рухани құндылықтарға негізделген қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен өткізілген келіссөздердің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі тоқталды. "Бүгін біз Түркия Президентімен маңызды және жемісті келіссөздер жүргіздік. Бұл кездесу бізге өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Жалпы алғанда Астана мен Анкара аймақтық және халықаралық мәселелерді ашық талқылайды, көбіне біздің ұстанымдарымыз ұқсас келеді", - деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші кездесуі екіжақты қарым-қатынасқа қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас халықтар арасындағы саяси диалог пен достықты одан әрі нығайтуға және тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

"Біздің елімізде түрік капиталы бар 1 800-ден аса кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр шамамен 2 миллиард АҚШ долларын құрады, ал келешекте бұл көрсеткіш 5 миллиард долларға жетеді", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа синергия" бірлескен бағдарламасының аралық нәтижелерін атады және "түрік кәсіпкерлерінің капитаны" келіссөздерінің нәтижесіне тоқталды. "Келіссөз сапары нәтижесінде шамамен 2 миллиард долларға коммерциялық жобалар туралы келісімге қол қойылды және жақын арада қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін күш салуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті түрік инвесторларына Ақтау және Құрық порттары негізінде жұмыс істейтін көлік-логистикалық хабты дамытуға белсенді түрде қатысуға шақырды. "Бүгін біз келіссөздер барысында транзиттік тасымалдау, мұнай-газ, әскери-техникалық, ауылшаруашылық, туристік, мәдени-ағартушылық, ғылыми-технологиялық салалардағы ынтымақтастығымызды талқыладық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Режеп Ердоған Мемлекет басшысына ресми сапар үшін алғысын білдіріп, өткізілген кездесудің нәтижелерін жоғары бағалады. Түркия Республикасының Президенті сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету және олардың оң динамикасын ескере отырып, келіссөздің негізгі нәтижелері туралы баяндады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ресми сапармен Түркияда жүр. Назарбаев Түрік Республикасының іскер тобының өкілдерімен кездесу өткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети