Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

30 Тамыз 2015, 14:04
1
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен екі ел арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты", - деп жазылған хабарламада.

Тараптар сондай-ақ Түркітілдес елдердің мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші саммитінің маңыздылығын атап өтті.

Әңгімелесуге түрік тарапы бастамашы болды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай