Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, оған зор денсаулық пен табыс тілеп, Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларына, сондай-ақ Түркия Республикасы Президентінің Астанаға биылғы 9 қыркүйектегі ресми сапарына қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, екі ел көшбасшылары биылғы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу мәселелері туралы пікір алмасты.
Президенттер Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.