27 тамыз 2021 | 13:30

Назарбаев Ермекбаев пен Сапарбаевқа қоңырау шалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ермекбаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Бердібек Сапарбаев. Фотоколлаж: Tengrinews.kz Нұрлан Ермекбаев, Нұрсұлтан Назарбаев, Бердібек Сапарбаев. Фотоколлаж: Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы сайтындағы ақпарат бойынша, әңгіме барысында Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті осы оқиға салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Тұңғыш Президентке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Елбасы барлық зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру және ТЖ салдарын жою жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Еске салайық, 26 тамызда кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойманың маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Кейінгі ақпаратқа сәйкес, 90-ға жуық адам зардап шеккен. 

Төтенше жағдайдан кейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети