Назарбаев Есімовке тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Есімовке тапсырма берді © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамының биылғы 7 ай ішіндегі қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңдегі жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

"Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері жақсы. Өзіңіз бекіткен Қор стратегиясын жүзеге асыру мақсатымен белгілі бір жұмыстар атқарылып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді. Соның ішінде, холдингті трансформациялау ісі жалғасуда, жекешелендіру аясында 42 миллиард теңге көлеміндегі 18 актив іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін "Қазақтелеком", "Air Astana" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларын IPO-ға шығаруды жоспарлап отырмыз", - деді Ахметжан Есімов.

Нұрсұлтан Назарбаев Қордың сатып алу көлемін бәсекелестік ортаға берудің маңыздылығына тоқталып, атқарылған жұмыстардың шағын және орта бизнесті қолдау ісіндегі оң нәтижелерін атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы "Самұрық Қазына" акционерлік қоғамы қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети