Назарбаев Есімовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Есімовті қабылдады © akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің дайындығы аясында ұлттық компанияға артылып отырған үлкен жауапкершілікке назар аударды. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, берілген тапсырмалардың ауқымдылығын айтып, олардың өз кезінде және сапалы орындалуы керектігіне назар аударды. 

Ахметжан Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Еске сала кетейік, Алматы әкімі өткен жексенбіде, 9 тамызда ауысқан болатын. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети