Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімов пен Қайрат Келімбетовке немен айналысу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімов пен Қайрат Келімбетовке немен айналысу керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылы EXPO Қазақстан үшін өте маңызды іс-шара болды. Біз бүкіл әлемге Қазақстанның, елордамыздың мүмкіндіктерін көрсеттік. Үлкен имидждік жұмысты атқардық. Енді сіздермен бірге көрмені жабуға арналған үлкен іс-шараны өткіземіз. Біз барлық жағдайын жасап берген Халықаралық қаржы орталығы да өз жұмысын бастауы керек. Тіпті Конституцияға да өзгерістер енгіздік", - деді Президент Парламент палаталарының біріккен отырысында.
"Үкіметтегілерге салынған барлық құрылыстың бірден басталу қажет екенін түсіну керек. Қандай ғимараттар қайда жіберіліп жатыр. Мысалы, екі үлкен ғимарат Халықаралық қаржы орталығына берілуі мүмкін. Барлық өңір мен барлық кәсіпорын өздерінің жетістіктерін көрсетеді. Ол жақта қандай да бір ғимарат бос қалып қалса, оның барлығы жұмыс істей бастау керек",- деді Мемлекет басшысы.
"Ахметжан Смағұлұлына (Есімовке) осы көрменің президенті қызметін әрі қарай атқара беру керек. Ал Халықаралық қаржы орталығына тағайындалған Келімбетовке барлығы бір қалыпты болуы үшін белсенді түрде жұмыс істеу керек", - деді Назарбаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаев жаңа вице-премьерлердің тағайындалуына қатысты пікір білдірген болатын.
Мемлекет басшысының айтуынша, Асқар Жұмағалиев жаңа қызметінде Қазақстанды цифрландыру мәселелерімен айналысады.
"Қазақстан міндетті түрде барлық бағытта үлгеруі керек. Осы мақсатта үкімет позициясы нығайтылып, жаңа екі орынбасар тағайындалды. Біз "Цифрлы Қазақстанға" көшуіміз керек, бұл өте маңызды. Барлық мемлекет осыған көшті. (...) Бірақ бізде онымен нақты бір адам айналысып, күнде есеп беруі керек. Үкіметтің атынан мен бұл қызметке IT-технологиялар маманы және мен тағайындаған орындарда жақсы қызмет істеген Асқар Жұмағалиевті тағайындадым", -деген еді Назарбаев.