Назарбаев Есімовпен EXPO-2017 көрмесін талқылады

viewings icon 235 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Президентіне "ЭКСПО-2017" көрмесінің өту барысы жөнінде баяндалып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін нысандарын пайдалану туралы ұсыныстар айтылды.

Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрме мен павильондарға келушілер саны туралы мәлімдеді.

"Көрмеге үш айда 2 миллион адамның келуі жоспарланған болатын. Бүгінде келушілер саны 2,5 миллионнан асты. Халықаралық павильондарға 5 миллионнан астам адамның келуі көзделген болса, қазір оларды 20 миллионға жуық адам аралап көрген. Келушілер үшін ең танымал павильон - "Нұр Әлем" сферасы. Оған 831 мың турист келген. Көрме соңына дейін бұл көрсеткіш 1 миллионнан асады деп жоспарланып отыр. "ЭКСПО-2017" көрмесі ашылғаннан бері 68 елдің ұлттық күндері өтті. Сондай-ақ, көрмеге 106 мәртебелі мейман келді, атап айтқанда, 19 мемлекет басшысы, 16 премьер-министр және олардың орынбасарлары, 11 парламент жетекшісі және олардың орынбасарлары, 60 министр және олардың орынбасарлары бар. Шет мемлекеттер өздерінің павильондарын әзірлеуге 100 миллион долларға жуық қаражат жұмсады, - деді Астана "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы.

Сонымен бірге, Елбасыға туризм саласындағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсіп келе жатқаны жөнінде баяндалды. Есімовтің мәліметіне сәйкес, Астана қаласындағы қонақ үйлер мен хостелдер саны 27%-ға өскен. Оларға қонақтарды орналастыру көрсеткіші 60 пайызды құрап отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық көрмені өткізу елорданы және жалпы ел экономикасын дамытуға мультипликативтік оң әсер беретінін ерекше атап өтті.

"ЭКСПО" көрмесі экономиканың барлық секторының дамуына серпін беруде. Қонақ үйлер мен көпшілік тамақтанатын орындарда туристер саны артты. Сол себепті елорда бюджетіне қосымша қаражат түсіп отыр. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның 196 компаниясы көрме кешенінің құрылысына қатысты. Бұл 200 мыңға жуық адамды қамтыды. Қазір көрме қызметін қамтамасыз ететін 21 мыңдай адам жұмыс істеуде", - деді Қазақстан Президенті.

Кездесу барысында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы көрмені дайындауға және өткізуге бөлінген қаражаттың үнемделуі жөнінде мәлімет берді. Есімовтің ақпараты бойынша, техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес құрылысқа 816 миллиард теңге қарастырылған. Кейіннен бұл қаражат оңтайландыру есебінен 452 миллиард теңгеге азайтылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа көрме жұмысы аяқталғаннан кейін оның нысандарын пайдалану жөнінде ұсыныстар айтылды. Көрме аумағына "Астана" халықаралық қаржы орталығын, IT-стартаптар паркін орналастырып, бірқатар орталық пен павильондарды ЭКСПО мұрасы ретінде сақтап қалу көзделіп отыр.

Кездесу соңында Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының жұмысын лайықты бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
13°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю