30 мамыр 2016 | 17:25

Назарбаев Есімовті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Ахметжан Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық, сондай-ақ оның мазмұндық тұрғыдан жабдықталуы жөнінде баяндады.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық  компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Қазіргі кезде 87 ел және 15 халықаралық ұйым көрмеге қатысатынын растаған.

"Көрме тақырыбын ашатын тақырыптық нысанның бірі "Үздік тәжірибелер аймағы" павильоны болмақ. Бұл аймақта қатысушылар энергетика саласындағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, технологияларды,  стратегиялар мен жобаларды ілгерілету тұрғысында пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті кейіннен Қазақстан павильонын Болашақтың музейінің негізі ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін көрме контентінің сапалы болуы үшін халықаралық тәжірибені қолданудың маңыздылығына назар аударды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети