Назарбаев ЕурАзЭҚ бас хатшысымен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Akorda.kz ©Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық процестерді дамыту мәселесін ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұровпен бірге талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметінің мәселелері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің іске асырылу жайы талқыланды. "Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің интеграциялық құрылымдар аясындағы көптарапты өзара ықпалдастығының негізін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті елдердің технологиялар мен бизнес саласындағы тиімді ынтымақтастығына септігін тигізетін интеграциялық институттар қызметінің жемісті нәтижелеріне назар аударды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Тайыр Мансұров ұйымның алдына қойған міндеттерінің іске асырылуы және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер халықтарының мүддесі үшін экономикалық интеграцияға қол жеткізуге бағытталған жұмыс туралы айтты. "Бас хатшы Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті қабырғасында мемлекеттердің Еуразиялық одағын қалыптастыру туралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияға негіз болғанын атап көрсетті", - делінген хабарламада. Еске салайық, 5 наурыз күні Мемлекет басшысы Мәскеуге барып, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысқан болатын. Онда Ресей, Беларусь, Қазақстан басшылары мен Еуразия экономикалық кеңесі алқасының өкілдері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық процестердің қазіргі жайы мен келешегі және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің алдыңғы отырыстарында қол жеткізген келісімдерді іске асыру мәселелері жайлы талқылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro