05 желтоқсан 2014 | 17:21

Назарбаев еуропалықтарды Қазақстанға басқаша көзқараспен қарауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев еуропалықтарды Қазақстанға басқаша көзқараспен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Президент баспасөз мәслихатында француз журналисінің Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы жөніндегі сұрағына жауап берген кезде айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев еуропалықтарды Қазақстанға басқаша көзқараспен қарауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жөнінде Президент баспасөз мәслихатында француз журналисінің Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы жөніндегі сұрағына жауап берген кезде айтты. 

"Қазақстанда адам құқықтары Еуропаның этникалық қағидалар бойынша тыйым салу заңдарын қабылдай бастаған кейбір елдеріне қарағанда, анағұрлым кең қамтамасыз етіледі деп мәлімдей аламын. Қазақстанда 100 ұлттың өкілі тұрады, олардың бәрінің құқығы бірдей, олардың тілі, мәдениеті қорғалған, 18 тілде мектептер жұмыс істейді", - деді Назарбаев француз президенті Франсуа Олландпен кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында. 

"Адамның негізгі құқықтарын: жұмысқа тұру, өмір сүру бостандығына ие болу, баспаналы болу, жақсы өмір сүру - мұның бәрін қамтамасыз етеміз. Бізде ешқандай цензура мәселесі жоқ, саяси қуғындау жоқ. Сондықтан бұл жерде таптаурын көзқарастардан арылып, бұл өңірге жаңа, ашық көзбен қарау керек. Иә, біздің өз тарихымыз, өз мәдениетіміз, өз болмысыз бар, біз одан бас тарта алмаймыз, әлемде бар демократияны құрметтей отырып, сол бағытта жылжи отырып, біз өз ерекшелігімізді жоғалтып алғымыз келмейді. Біздің ойымыз басқа. Біз еуропалықтарға қарағанда, басқа түс көреміз. Біз өз дәстүрлерімізді сақтаймыз. Егер осыны ескерер болсақ, өмір жарқынырақ әрі жақсырақ бола түседі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети