21 сәуір 2017 | 12:00

Назарбаев EXPO-2017 нысандарының дайындық деңгейіне баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесінің нысандарын тексеріп, көрменің дайындық деңгейіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесінің нысандарын тексеріп, көрменің дайындық деңгейіне баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 маусымда EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Мен салынып жатқан нысандарға барып, қарап шықтым. Дайындық деңгейі жоғары, аяқталуға жақын қалды. Көрменің лайықты деңгейде ұйымдастырылуы әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жетістігін көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Астана қаласының жеткен жетістіктері жайлы айтып берді. Оның айтуынша, соңғы бес жылда елордаға 4,5 триллион теңге инвестиция құйылды. Астананың еліміздің экономикасында үлесі 12 пайызға дейін өскен.

"Біз Қазақстанды тағы бір қаламен байыттық - мемлекет қазысына қомақты актив беретін қаламен. Еліміздің экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 46 пайызды құрайды - бұл еліміздегі басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Астана маңызды іс-шараларды, сондай-ақ, ғаламдық маңызы бар кездесулерді өткізетін қалаға айналды", - деп атап өтті Президент.

Айта кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" кеңсесінде халықаралық көрмеге дайындық мәселесіне, сондай-ақ, ҚР Президентінің төрағалығымен Астананы дамытуға қатысты мәселелер бойынша жиын өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети