21 қараша 2016 | 13:36

Назарбаев EXPO-2017 ісі бойынша сотталғандарды мысал етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев EXPO-2017 ісі бойынша сотталғандарды мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан судьяларының VII съезі өтіп жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев EXPO-2017 ісі бойынша сотталғандарды мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан судьяларының VII съезі өтіп жатыр. 

"Мен барлығының сот алдында бірдей екенін бекер айтып отырғам жоқ. Біз оны жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан шараларымыздың нәтижесінде министрлер сотталды. Олар бірнеше, атын атап, түсін түстеп жатпай-ақ қояйын. Облыс әкімдері қаншама, басшылар, министрлердің орынбасарлары және EXPO-2017 ("Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ) ұрлық жасаған басшылары сотталды. Бұл дегеніміз сот алдында бәрі де бірдей", - деді Мемлекет басшысы. 

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде судьялардың адал болуы керектігін атап өтті.

"Заңдылықты қорғап жүрген судьялар заңды бұзуға қақысы жоқ, оның ішінде қылмыстық іс. Бұл дегеніміз нонсенс, мұны бірден мәселенің басы басталды деп санау керек", - деді Елбасы. 

Қазақстан Президенті елдегі сот жүйесіне сенім білдіріп, әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс екенін айтты. Президенттің ойынша, соттар мен құқық қорғау органдарына деген сенім әлі де әлсіз болып жатыр.

"Мұны қазақстандықтардың мемлекеттік инстанцияларға және Президентке жазған хатынан білуге болады, онда сот шешімдері мен құқық қорғау органдарының наразылық білдіріп жатады. Сондай-ақ судьялардың таза әрі сатылмайтындығына да күмән келтіріп жазатындар да бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Өткен жылы Президент Әкімшілігіне шамамен 10 мың азамат пен ұйым заңдылыққа байланысты хат жазған.  Биыл осындай хаттар саны жеті мыңға жетті. 

Еске салайық, 2016 жылы 9 тамызда "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ бқрынғы басшысы Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Ермегияевтен жалпы Алматыдағы пәтері, Астана мен Алматыдағы жер учаскелері, бірнеше банктегі қаражат, бірнеше ЖШС-дағы үлесі және көліктері тәркіленген еді. Ал таяуда оның жазасын Астанадағы қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатқаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети