Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев Фиделя Кастроны? ?айтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік ке?есіні? ж?не Министрлер ке?есіні? т?ра?асы Рауль Кастро?а к??іл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фиделя Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Қазақстан халқы командантэ Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады",- делінген көңіл айту жеделхатында.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достық пейілдегі Куба Республикасының халқына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, бүгін Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында дүниеден өтті. 2006 жылдың 31 шілдесінде Фидель Кастро денсаулығының нашарлауына байланысты өз міндеттерін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Рауль Кастроға тапсырған болатын. "Куба революциясының көшбасшысы бүгін кешке сағат 22.29-да (Астана уақыты бойынша сағат 09.29-да) қайтыс болды", - деп хабарлады Рауль Кастро мемлекеттік телеарнадан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама