26 қараша 2016 12:46

Фидель Кастро дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды "Франс Пресс" агенттігі Куба көшбасшысы Рауль Кастроға сілтеме жасап.


Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастро 90 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды "Франс Пресс" агенттігі Куба көшбасшысы Рауль Кастроға сілтеме жасап.

2006 жылдың 31 шілдесінде Фидель Кастро денсаулығының нашарлауына байланысты өз міндеттерін Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Рауль Кастроға тапсырған болатын. "Куба революциясының көшбасшысы бүгін кешке сағат 22.29-да (Астана уақыты бойынша сағат 09.29-да) қайтыс болды", - деп хабарлады Рауль Кастро мемлекеттік телеарнадан.

Фидель Кастро 1926 жылдың 13 тамызында дүниеге келген. Ол - Куба революциясының көшбасшысы, мемлекеттік және саяси қайраткер. Фидель 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап, 30 жыл бойы Кубадағы Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің төрағасы болды.

Айта кетейік, биыл тамыз айында Фидель Кастро 90 жасқа толған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети