Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы ахуалды талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Қантөгісті, әсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың және Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді", - делінген хабарламада.
Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен даму перспективалары жайлы да талқылады.
Бұған дейін Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал мен Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкцияларын телефон арқылы талқылағаны хабарланған болатын. "Еуразиялық үштік" пен Украина тарапының Минскіде кездесуі мүмкін екені айтылды.
Өткен аптада Назарбаев Владимир Путинмен және Александр Лукашенкомен де телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Беларусь басшылары Ресей мен басқа елдердің және халықаралық ұйымдардың Украинадағы жанжал аймағындағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі қадамдарына қолдау білдірді.