Назарбаев Фурманов көшесінің атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Фурманов көшесінің атауын ауыстыруға қатысты пікір білдірді Видеодан алынған кадр

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы өзгертілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы өзгертілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жыл қорытындысы бойынша берген Facebook желісінде жарияланды.

"Назарбаевқа тастан жасалған ескерткіштің керегі жоқтығы жайлы біреу маған хат жазды. Мен онымен толықтай келісемін. Мұның барлығы әбігерлік", - деді Президент.

"Мен мұндайға үнемі қарсы болатынмын. Тек университетке келістім. Оған барлығы қолдау көрсетуі үшін - үкімет те, ел де. Ол үлгі бола аларлық алда келе жатқан оқу орны".

"Ал қалғанның барлығы - жергілікті биліктегілердің шешімі. Әрине, мен бұйрық беріп, осыған тыйым сала аламын. Қазіргі уақытта менің барлық қазақстандыққа айтарым: мұны жасаудың қажеті жоқ! Керек емес! Тарихта өз істерімен есте қалу керек", - деді Мемлекет басшысы.

"Ал ескерткіштермен не болатынын барлығымыз да білеміз".

"Дегенмен Алматы мен үшін туған қала. Барлығы үшін рақмет. Бірақ мұны істеудің қажеті жоқ", - деді Назарбаев.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы бүгін, 25 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 21:30-да республикалық арналардың эфирінен көрсетіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети