07 қыркүйек 2015 | 18:35

Назарбаев гендік модификацияланған ағзалары бар өнімдерге көзқарасын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bulknutrition.com.au © bulknutrition.com.au

Назарбаев гендік модификацияланған ағзалары (ГМА) бар өнімдерге деген көзқарасының қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Назарбаев гендік модификацияланған ағзалары (ГМА) бар өнімдерге деген көзқарасының қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бразилия техника жағынан ғана емес, бұл жағынан да алдыңғы қатарда. Мен ол жақта гендік модификацияланған өнімдердің қалай жасалатынын көрдім. Онда тұрған ештеңе жоқ, ешқандай химия жоқ. Бұл жаңа өнім. Біз әйтеуір бір кезде әсер етеді деп алаңдаймыз - бұл белгісіз. Ал онсыз, мен сіздерге айтайын, бәлкім біреулерге ұнай қоймас, бірақ әлем онсыз тығырықтан шыға алмайды. Гендік модификацияланған өнімдер тарала береді, себебі жер бетіндегі адамдарды асырау үшін азық-түлік көлемін үш есеге арттыру мүмкін емес. Тура солай біз бидайға істейміз: әдетте өзге мәдениеттің гені енгізіледі, не үшін екеніне қарай - майға төзімділігіне немесе ылғалға, болмаса керісінше зиянкестерге қарсы. Сонымен болды. Жаңа бидай шығады. Дәл солай мал шаруашылығында. Біздің осының барлығы қарапайым әрі қалыпты дүние екенін білмейтініміз қорқынышты", - деді Президент.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері президентке жиын-терім шараларының барысы жайында, өңірлердің экономикасындағы істердің жағдайы жайында айтып берді. Елбасы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сұранысын арттырып, агро-өнеркәсіптік секторында ғылыммен айналысу туралы тапсырма берді. Мысал ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Канаданы келтірді.

"Біз неге Канададан 10 есе нашар жұмыс істейміз. (...) 10 есе деген сөз өндіріс өндіретін әлемдегі ең басты бәсекелестеріміздің жанында біз құрдымға кеттік дегенді білдіреді, естеріңде болсын, мен ауыл шаруашылығы біздің өсімнің драйвері болады деп сенемін. Жердегі халық өсіп келеді, оларды асырау керек. Яғни ауыл шаруашылығында сұраныс әрқашан болады. Қазір дағдарыс: темірді алмайды, бидайды алады. Шамасы барлар күніне үш рет тамақтанады ғой. Сондықтан біз аграрлық секторға үлкен назар аударамыз және өздеріңіз де осыны сезуге тиіссіздер", - деді Президент ауыл шаруашылығы өкілдеріне.

Оның ойынша, сондықтан да аграрлық секторда негізгі бағытты дамыту керек - инновацияны. Ол тағы бір мәрте ауыл шаруашылығы саласының кадрларын дайындау мен ғылымды біріктіретін білім беру орталығын құру қажет екенін еске салды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети