Назарбаев генералдардан көңілін қалдырмауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев генералдардан көңілін қалдырмауды сұрады @Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті қазақстандықтардан ерекшеленіп тұратын шен иелерін қабылдап, оларға әскери және арнайы лауазымды атақтарды табыстай отырып бата берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті қазақстандықтардан ерекшеленіп тұратын шен иелерін қабылдап, оларға әскери және арнайы лауазымды атақтарды табыстай отырып бата берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан.

"Сіздер әлемде жасалынып жатқан барлық тәжірибелерді үйреніп, командир, генерал ретінде өздеріңіз жасап көру керектігін ұмытпаңыздар. Сіздерге берілген лауазымды абыроймен алып жүріңіздер. Мен генералдардың заңды бұзып, лауазымдарынан айырылып жатқанын білген кезде қатты қапаланамын. Сіздердің орталарыңызда біреудің осындай жағайға түскенін қаламаймын. Сіздер осы погонды лайықты түрде тағып, еліміз үшін абыроймен қызмет етеді деп сенемін", - деді Назарбаев.

Президент жаңа лауазымды, соның ішінде генерал лауазымын алу үлкен абырой әрі жауапкершілікті талап ететін айтып өтті. Ол шақырылғандарға елге қызмет ету үшін жұмыс кестесі жоқ мамандық пен осындай жолды таңдағандарын айтты. "Тәулік бойы ұғымы - сіздердің міндеттеріңіз", - деді Мемлекет басшысы.

"Жау жоқ болса, соғыс та жоқ" деген әңгіме бар. Мемлекет айналамыздағылармен бейбіт қарым-қатынаста болу үшін барлығын істеп жатыр. Бірақ бұл біз бейқам отыру керекпіз дегенді білдірмейді", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети