Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Герольд Бельгердің отбасына көңіл айтты

07 Ақпан 2015, 21:09
0
Герольд Бельгер. Фото dat.org.kz сайтынан
Герольд Бельгер. Фото dat.org.kz сайтынан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы Герольд Бельгердің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы көңіл айта отырып, жазушының дүние салғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағанын, бүкіл Қазақстан мәдениетінің ауыр қазаға душар болғанын атап өтті. "Герольд Карловичтің Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншілікпен өрілген өмірі шынайы патриотизмнің үлгісі болып саналады. Оның шығармашылық мұрасы біздің мәдениетіміздің баға жетпес игілігіне, ал өмір жолындағы рухани ар-намыс қағидаттары әр кезеңнің ұрпақтарына жігер беретін бағыт-бағдарға айналды", – деді Қазақстан Президенті.

Жеделхатта сондай-ақ Герольд Бельгердің шығармашылығымен ғана емес, керемет адамгершілік қасиетімен, ізгілігімен және өмірлік ісіне деген ыждаһаттылығымен есте қалғанына назар аударылған. Ол елдің қоғамдық тіршілігіне белсене араласты, оның ісі мен ой-тұжырымдары әрдайым татулықты, мейірім мен рухани құндылықтарды орнықтыруға бағытталды.

"Герольд Карловичтің еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілді, Президенттің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты болды. Оның жарқын бейнесі қазақстандықтардың жадында мәңгі сақталатын болады", – делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 7 ақпан күні Алматыда жазушы Герольд Бельгер жүрек ауруы салдарынан қайтыс болған еді. Ол мұның алдында ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. Жазушының жағдайы ауыр деп бағаланды. Оған өкпені жасанды жолмен желдететін аппарат қолданылды.

Герольд Бельгер 1934 жылы Ресейдің Саратов облысының Энгельс қаласында туған. 1941 жылы Еділ бойындағы этникалық неміс ретінде Қазақстанға, Солтүстік Қазақстан облысының қазақы ауылына депортацияланды. Қазақ тілін жетік меңгеріп өскен Бельгер Абай атындағы Қазақ педагогика институтының әдебиет факультетін тәмамдады. Жамбыл облысындағы орта мектептердің бірінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1971 жылы Қазақстан жазушылар одағына мүше болды. 1992 жылдан бастап неміс тіліндегі "Феникс" альманахында бас редактордың орынбасары болып қызмет етті. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Алматыдағы Неміс мәдени орталығын басқарды, Қазақстан немістері кеңесінің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.

Герольд Бельгер - 53 кітаптың авторы. "Ауыл шетіндегі қарағай үй", "Даладағы шағалалар", "Алтын асу" және тағы да басқа шығармалары кең танылған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай