Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңуімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңуімен құттықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz

 

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуына байланысты құттықтау жолдады", - деп хабарлады Ақорда.

Құттықтауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің қарымды қарсыласпен жанталасқан жекпе-жекте асқан шеберлік, қажымас қайрат және нағыз спортшыға тән мінез көрсетіп, чемпиондық атақтарын тағы да лайықты қорғап қалғанын атап өтті.

"Сенің жеңісің барша қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлап, олардың жүрегін елімізге және отандық бокс мектебіне деген мақтаныш сезіміне бөледі", - делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Головкинге мықты денсаулық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне ниеттестік білдірді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети