Назарбаев Гонконгтың қаржы министрімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Гонконгтың қаржы министрімен кездесті © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цангпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цангпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды. Мемлекет басшысы сапардың жоғары маңыздылығын, сондай-ақ Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларындағы тәжірибесінің құндылығын атап өтті.

"Гонконг әлемдік жетекші қаржы орталықтарының бірі болғандықтан, сіздердің тәжірибелеріңіз бізге аса қажет. Қазіргі уақытта біз қалыптасу кезеңін бастан өткерудеміз. Жалпы, өзара іс-қимылымыз Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың аясында ілгерілеп келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Джон Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс айтып, бұған дейінгі өткен келіссөздердің табысты болғанын атап өтті.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы берік серіктестік байланыстар ынтымақтастығымыздың негізі болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық іскер топ өкілі бар. Біз Қазақстан тарапымен жемісті келіссөздер жүргізіп, оның барысында талқыланған күн тәртібіндегі барлық мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізе білдік", - деді Джон Цанг.

Бұдан бөлек, Гонконгтың қаржы министрі Назарбаев университетінің студенттерімен әңгімелесуден зор әсер алғанын атап өтті.

Соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Джон Цанг Қазақстан мен Гонконгтың одан әрі ынтымақтастығы табысты болатынына сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети