1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Горбачевты 90 жасымен құттықтады 03 наурыз 2021, 17:53

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Instagram-да
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевты 90 жасымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құттықтауда КСРО тұңғыш президентінің бай жарқын мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені атап өтілген.

"Әлем тарихына орасан зор ықпал еткен үлкен өзгерістер сіздің атыңызбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-жігермен, қуатпен, жұмыс істеуді доғармай, өзекті қоғамдық, гуманитарлық және ағарту жобаларын іске асыра жүріп қарсы алып жатқаныңыз қуантады. Біз белгілі бір уақытта бірлесе өткен саралы жолға негізделген достық пен сенімді қарым-қатынастарымызды жоғары бағалаймын", - делінген құттықтауда.

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевқа мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке және бар жақсылықты тілегені хабарланды.

Михаил Горбачев 90 жылдығын 2 наурызда атап өтті. БАҚ мәліметінше, КСРО-ның бұрынғы президенті Кеңес басшылары арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!