11 қазан 2019 | 22:39

Назарбаев халықтың үлкен қалаларға неге жиі көшетінін түсіндірді

© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев адамның үлкен қалаларға көшуге ұмтылатынын табиғи нәрсе деп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев адамның үлкен қалаларға көшуге ұмтылатынын табиғи нәрсе деп айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Көбіне түсінбей, "үлкен қалаларға жабысып алады да, мәселе туындатады" деген көзқараспен қарайды. Қарасаңыздар, Париж дәл солай дамыды. Кішкентай еді, жан-жақтан халық жиналды да, қала маңында "жабысып қалды". Сол кезде биліктегілер тұрғын үйлер сала бастады. Осылайша, қала кеңейе берді. Нью-Йорк солай өсіп жатыр. Мехикода 20 миллион адам бар, олардың жартысы қала шетінен келгендер шығар. Әрине, адам өмір сүруге қолайлы жерге ұмтылады", - деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Ол мұны үлкен қалаларда ғылым, зауыттар мен кәсіпорындар көп ашылатынымен түсіндірді. Онда үздік оқу орындары, үздік мектептер, үздік мейрамханалар бар екенін айтады. 

Назарбаев Отанды сатқандар жайлы айтты

Тоқаев менімен кеңеседі - Назарбаев


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram