11 қазан 2019 22:02

Назарбаев Отанды сатқандар жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев екі билік туралы қауесетті кім және неге таратып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаев екі билік туралы қауесетті кім және неге таратып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осының бәрін естіп, оқып, көріп жүрмін. Қауесеттерді Қазақстанда тұрақтылық болғанын қаламайтын адамдар әдейі таратады, мұнда төбелес болғанын, екіге бөлінгенімізді қалайды. Олар біздің қашқын ұрыларымыз - Отанды сатқандар, олар халықтың тыныш өмірін бүлдіру үшін таратады. Оған ешқандай негіз жоқ, себебі Қазақстан басқаруы президенттік формадағы біртекті мемлекет. Мұндай бізде ғана емес, бұл франциялық, ресейлік, кей тұста америкалық нұсқа. Президент Тоқаевты бүкіл халық сайлады", - деді Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында. 

"Маған келер болсақ, мен заң бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы екенімді білесіздер. Иә, бұл орган ішкі және сыртқы саясат мәселелерін шешеді, кадрлар бойынша келіседі, бірақ бұл ұжымдық орган, мен тек төрағамын. Ал мұнда елдің барлық басшысы мүше, біз қате жібермеу үшін ұжым болып шешім қабылдаймыз", - деді Елбасы. 

Сондай-ақ оның айтуынша, Елбасының мақсаты - Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысын қамтамасыз ету, Nur Otan партиясын, Қазақстан халқы ассамблеясын басқару. 

Естеріңізге салсақ, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік уәкілеттілігін тоқтатқан болатын. 

Президенттің міндетін атқарушы болып Сенат экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Кейін 2019 жылы 9 маусымда ол Қазақстан президенті болып сайланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети