Назарбаев "Хан шатыры" сәулетшісіне Бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады

13 Желтоқсан 2014, 11:10
0
Назарбаев "Хан шатыры" сәулетшісіне Бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады - Норман Фостер. Сурет peoples.ru сайтынан алынды
Норман Фостер. Сурет peoples.ru сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ағылшын сәулетшісі Норман Фостерге Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді, - деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін" делінген алдын ала таратылған хабарламада.

Норман Фостер - өнер саласындағы жетістігі үшін жапон императоры сыйлығының және архитектура саласындағы Притцкеровск сыйлығының иегері. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының, "Хан шатыры" сауда-саттық, ойын-сауық орталығының, Тұңғыш Президент кітапханасының авторы - осы ағылшын сәулетшісі.

Сондай-ақ еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған мемлекеттік наградаларға депутаттар, мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскерилер, спортшылар, өңір басшылары да ие болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай