Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Пәкістандағы ұшақ апаты салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына көңіл айтты.