Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта инфрақұрылымдық дамудың ауқымды бағдарламасы жарияланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта инфрақұрылымдық дамудың ауқымды бағдарламасы жарияланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
"Бізге елордадан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кәсіпорындар тапсырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кемітпеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мәселемен айналысып жатыр, оны жүзеге асыруға Астана да атсалысуы тиіс", – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер әлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сын-қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды.
"Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей және Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да ықпал етуде. Ресей – біздің стратегиялық серіктесіміз, тығыз байланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді", – деді Назарбаев.
Қазақстан Президенті аталған үрдістердің алдын үшін қажетті мүмкіндіктің бәрі бар екенін және Үкімет тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. "Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді, өйткені мұнай мен металдың, сондай-ақ Қазақстан экспортының өзге де өнімдеріне бағаның төмендеуі түсімдердің азаюына әкеледі. Бұл ретте барлық еңбекақылар, әлеуметтік төлемдер қазіргі деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс", – деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, жуырда "Мерейлі Отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Президент Астананы елдің өзге өңірлерімен байланыстыратын "Нұрлы жол" жобасы туралы хабарлаған еді. "Біз көп нәрсе істесек те, ел үлкен, экономика жақсы жолдар болған кезде дамиды, ал біз соңғы жылдары мұны ақсатып алдық. Енді біз Астанадан Авлодар арқылы Өскеменге қазіргі Астана, Көкшетау мен Петропавл арасындағы сияқты жақсы жол саламыз. Астанадан Ақтөбе мен Каспий теңізіне, Астанадан Алматыға дейін оңтүстікке, Алматыдан Өскеменге дейін жол саламыз, яғни Астанадан барлық "нұр" тарайтын болады, сол себепті оны "Нұрлы жол" деп атайтын болады", - деді Назарбаев.