Назарбаев инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Жеңіс Қасымбек Елбасына мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру мен еліміздің индустриалды-инновациялық даму бағытындағы негізгі мәселелерді хабарлады.

Мемлекет басшысы еліміздің дамуы үшін және республикамызға шетелдік инвестициялардың тікелей келуі үшін инновациялық жағдайды қалыптастыру мен қажетті жұмыстардың жүргізілуі керек екенін атап өтті. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жол-көлік инфрақұрылымының даму мәселелерін, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында орта және шағын бизнесті қолдау мақсатында жаңа жұмыс орындарын керек екенін айтты.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін шамамен 800 шақырым жол салыну жоспарланып отыр.

2020 жылдың соңына дейін ұзақтығы 7000 шақырым автожолдардың құрылысы бітеді. Олардың ішінде Астана - Алматы, Астана - Өскемен, Астана - Ақтау және тағы да басқа бағыттағы жолдар.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети