10 қыркүйек 2017 | 16:23

Назарбаев Ислам даму банкі президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті аясында Ислам даму банкінің президенті Бандар бен Мұхаммад Хаджармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысқаны үшін Ислам даму банкінің президентіне ризашылық білдірді.

"Ислам даму банкімен ынтымақтастығымыз жыл сайын нығая түсуде. Бүгінгі саммит «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл көрменің тақырыбы - жаңа энергетика. Онда барлық елдердің осы саладағы жетістіктері көрсетілді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көрме жұмысы аяқталған соң оның орнында Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтінін, оның қызметі ағылшын құқығына негізделетінін атап өтті.

"Біз көптеген дамыған елдердің осы саладағы қызметіне талдау жасап, бұл орталықтың жұмысын Дубайдағы қаржы орталығының үлгісі бойынша қалыптастыруды ұйғардық. Ислам даму банкі осы жұмыстарға тікелей атсалысады деп үміттенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Ислам даму банкінің президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғыс айтты.

"Біз осындай ауқымды іс-шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл - Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар саласындағы алғашқы саммиті. Осы маңызды саммитке қатысуға мүмкіндік жасағаныңыз үшін ризашылық білдіреміз", - деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Сондай-ақ, Ислам даму банкінің президенті бұл саммит Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылым мен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған қызметінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

"Бұл Сіздің болашақ ұрпақтың дамыған елдермен бәсекелесуге мүмкіндігін арттыруға қосқан үлесіңіз. Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ғылым және технологиялар жөніндегі қорын құруға қолдау көрсеткеніңіз үшін зор алғысымды білдіремін", - деді Бандар бен Мұхаммад Хаджар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети