Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының "Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы" сыйлығымен марапаттау рәсімі болып өтті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Хабарламада Мемлекет басшысына бұл награданы Edbiz Consulting Limited компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырғаны айтылған. Сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен зор табыстар үшін берілді.
"Қазақстан 2009 жылдан бері исламдық қаржыландыру қағидаттарын заңнамалық тұрғыдан енгізу жөнінен ТМД мен Орталық Азияда көшбасы саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ислам банкингі, сақтандыру және лизинг саласында өз қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы институттарының тұтас бір шоғыры жұмыс істейді", - деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстанның халықаралық ислам ұйымдарының қызметіне белсене араласатынын ескере отырып, оның исламдық қаржыландыруды дамытудағы рөлі күшейе беретіндігін атап өтті.
Мұнымен қатар, Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид әл-Мактуммен кездесті. "Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру және Қорғас көлік-сервис торабын дамыту бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық-инновациялық және көлік-логистикалық салаларындағы басым бағыттарын талқылағаны талқылады.
Малайзияның Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесуде екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ инновация мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымдағы мәселелері қарастырылды.
Ал Люксембург Ұлы Герцогтығының Премьер-министрі Ксавье Беттелмен кездесуде сауда және инвестициялық бағыттарды қоса қамтитын экономикалық өзара іс-қимыл аспектілері талқыланды.
Мемлекет басшысы бүгін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін БАӘ-не жұмыс сапарымен келді. Еске сала кетейік, 2011 жылы маусым айында жетінші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы Астанада өткен болатын.