Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі VI Фелипе мен Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельге Germanwings әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта ұшақ апаты салдарынан Испания мен Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың терең күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Елбасы Қазақстан халқының және жеке өз атынан Испания Королі мен федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша испан мен неміс халқына көңіл айтты.
Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Бортта неміс мектебінің 16 оқушысы мен екі мұғалім болған, олар Барселонада тіл үйрену бағдарламасы бойынша болып, қайтып келе жатқан.