Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге оның Испания королі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында Фелипе VI-нің әкесі Хуан Карлос I жүргізген сындарлы саясаттың арқасында Қазақстан мен Испания арасында өзаратиімді әрі толыққанды ынтымақтастық қалыптасқанын атап өткен.
"Испания біздің еліміз үшін бүгінде Еуропадағы сенімді дос және стратегиялық серіктес болып саналады. Сіздің қолдауыңызбен Қазақстан мен Испанияның жан-жақты ықпалдастығы аясын тереңдету үрдісі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын", – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қалыптасқан игі қарым-қатынастар жалғасатынына сенім білдіре отырып, Испания королін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Құттықтау соңында Нұрсұлтан Назарбаев Фелипе VI-ге сарқылмас қуат пен зор табыс, ал достас Испания халқына бақ-береке тіледі. Еске салайық, Испания королі Хуан Карлос І де Бурбон 2 маусым күні тағын өзінің ұлы - мұрагер ханзада Филипп VI-ге босатып берген болатын.