Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза, жоғары корольдік құрмет ретінде, Сізді Католиктік Изабелла Орденімен марапаттаймын", - делінген Корольдің жарлығында.
Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Испания арасында сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
"Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания Корольдігімен байланыс орнатып, өзара сенімді екіжақты қарым-қатынастарға қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде Испания Қазақстанға өз қолдауын көрсетіп келеді. Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға ресми сапармен келіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Бұл біз үшін зор мәртебе", - деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның саясатта және экономиканың түрлі секторларында Испаниямен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екеніне тоқталды.
© Ақорда сайты
Рәсім соңында Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге шынайы ризашылығы мен жылы лебізін жеткізуді сұрады және Испания халқының игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс тіледі.