02 ақпан 2015 17:42

Назарбаев Италияның жаңа президентіне табыс тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©nurotan.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©nurotan.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға Италия Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеделхатта Қазақстан мен Италия арасындағы достық, өзара сенім және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін нығая беретіндігі айтылған. "Алдағы уақытта Сізбен бірге елдеріміздің зор ынтымақтастық әлеуетін барынша дамытуға күш жұмсайтыныма қуаныштымын", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Серджио Маттареллаға зор денсаулық, жаңа қызметіне табыс, ал достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, Италия Конституциялық сотының мүшесі, бір кездері елдің вице-премьері қызметін атқарған 73 жастағы Серджио Маттарелла Италияның жаңа президенті болып сайланған еді. Ел конституциясына сәйкес, президентті ұлттық парламент елдің 20 облысының өкілі қатысқан палаталардың бірлескен отырысында сайлады. Маттарелла 1941 жылдың 23 шілдесінде Палермода туған. Ол - Италия президенті болған тұңғыш сицилиялық. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети