Назарбаев Израиль елшілігінде болды

viewings icon 160 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Ақорда © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Израиль елшілігінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Израиль елшілігінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы елшілікте Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің рухына арнап гүл шоғын қойып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға байланысты Израиль халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

"Бізді байырғы достық қарым-қатынастар байланыстырды. Шимон Перес өз өмірін халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған көрнекті тұлға еді. Ол шын мәнінде ұлы президент бола білді, оның есімі Израиль халқының жадында әрдайым сақталады. Ол әлемдік ауқымдағы көшбасшы болды. Таяу Шығыстағы қақтығыстарды реттеу ісіндегі Шимон Перестің үлесіне баға жетпейді. Оның бейбітшілікке қол жеткізуге және сақтап қалуға бағытталған қызметін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалады. Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынасын дамыту үшін де ол көп нәрсе тындырды", - деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Жеделхатта Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің өмірден өткені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. "Қазақстан халқы Шимон Пересті парасатты басшы, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға орасан еңбек сіңірген тарихи тұлға әрі беделді саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзінің адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті.
"Онымен әңгімелесу әрдайым пайдалы еді, сол кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Израильдің бұрынғы президенті Шимон Перестің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Шимон Перес Израильдегі маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған еді. Ол бірнеше рет Израильдің Қорғаныс министрлігін басқарды, Қаржы министрлігін, СІМ, ІІМ және басқа да ведомстволарды басқарды. Перес 2007-2014 жылдары Израильдің президенті болды.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю