Назарбаев Израильдің премьер-министріне: Бізге визасыз тәртіп пен тікелей әуе рейстері қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Израильдің премьер-министріне: Бізге визасыз тәртіп пен тікелей әуе рейстері қажет © cmcforum.com

Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьер-министрімен кездесуінде визасыз тәртіпке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьер-министрімен кездесуінде визасыз тәртіпке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Қазақстан мен Израиль үкіметіндегілер биометрикалық паспорт иелерін визасыз тәртіппен елге кіргізу жайлы декларацияға қол қойды.

"Екі ел арасындағы бұл бизнесті дамыту үшін бізге тікелей әуе рейстері қажет және елдер арасында визасыз тәртіп орнатылуы тиіс. Қазақстан өз тарапынан бұл мәселені шешіп жатыр, ал коммерциялық сұрақтардың барлығын қажетті компаниялар талқылайтын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьері Нетаньяхумен болған кездесуде.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бүгін Астанада Қазақстан мен Израиль елдері арасында бизнес-форумның өтетінін айтып өтті. 

"Меніңше, біздің іскер адамдар бұл мәселені шешетін болады. Израиль Еуразия экономикалық одағы арасындағы еркін саудаға қатысуға ниетті. Қазақстан осы ұйымның төрағасы ретінде бұл мәселені шешуге қолдау көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети