Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьер-министрімен кездесуінде визасыз тәртіпке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьер-министрімен кездесуінде визасыз тәртіпке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
14 желтоқсанда Қазақстан мен Израиль үкіметіндегілер биометрикалық паспорт иелерін визасыз тәртіппен елге кіргізу жайлы декларацияға қол қойды.
"Екі ел арасындағы бұл бизнесті дамыту үшін бізге тікелей әуе рейстері қажет және елдер арасында визасыз тәртіп орнатылуы тиіс. Қазақстан өз тарапынан бұл мәселені шешіп жатыр, ал коммерциялық сұрақтардың барлығын қажетті компаниялар талқылайтын болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің премьері Нетаньяхумен болған кездесуде.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бүгін Астанада Қазақстан мен Израиль елдері арасында бизнес-форумның өтетінін айтып өтті.
"Меніңше, біздің іскер адамдар бұл мәселені шешетін болады. Израиль Еуразия экономикалық одағы арасындағы еркін саудаға қатысуға ниетті. Қазақстан осы ұйымның төрағасы ретінде бұл мәселені шешуге қолдау көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.