Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көлікке арналған жаңа көпір құрылысын көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көлікке арналған жаңа көпір құрылысын көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Жамбыл облысындағы сапары аясында Тараздың Айша бибі көшесіндегі көлікке арналған жаңа көпір құрылысының жұмыстарымен танысты.
Жаңа көпірдің іске қосылуы қаланың темір жол арқылы бөлінген бөліктерін байланыстырып, басты көлік жолдарының жүктемесін жеңілдететін болады. Бүгінде Қырғыз Республикасымен арадағы шекарада орналасқан "Айша бибі" кеден пункті бағыты бойынша күніне 4-5 мың автокөлік қатынайды.