04 шілде 2014 | 20:52

Назарбаев жаңа ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Қазақстан Президенті жаңа ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті жаңа ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет Басшысы қылмыстық сотөндірісі жүйесін жетілдіруге және оны халықаралық талаптарға сай етуге арналған Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық жаңа кодексіне қол қойды", - делінген Ақорда сайтында.

Бұған дейін хабарланғанындай, ҚР жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодексінің қабылдануы қылмыстық сотөндірісін мейлінше жетілдіруге мүмкіндік береді делінген. Бұл заң Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік бермек. ҚПК бұған дейін Парламенттің қарауынан өткен болатын. Ол уақытта депутаттар ол заң жобасындағы қорғаушы мен соттардың құзыретін арттыратын толықтырулар енгізген болатын.

Айта кетейік, ҚР жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодексіне жәбірленуші мен айыпталушы мәлімет берерде тең құқыққа ие болатындығына кепілдік беретін нормалар енгізілген.

Бұған дейін Қазақстан Президенті ҚР жаңа Қылмыстық кодекске қол қойғанеді. Ол заң бүгінгідей дамыған заманда орын алатын қылмыстармен күрес, азаматтар құқықтарының қорғалуы мен мемлекеттік мүдденің қорғалуын қамтамасыз етуге арналған.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети