Нұрсұлтан Назарбаев 1300 пәтері бар EXPO-қалашыққа, "Мега Плаза" сауда ойын-сауық орталығына, EXPO кеңсесіне және "Энергия зерттеулері орталығына" барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев 1300 пәтері бар EXPO-қалашыққа, "Мега Плаза" сауда ойын-сауық орталығына, EXPO кеңсесіне және "Энергия зерттеулері орталығына" барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, Қазақстан Преззиденті Алжир, Катар, Қытай, Малайзия, Үндістан болатын халықаралық павильонда болды.
Нұрсұлтан Назарбаев сапарының қорытындысында жиналыс өткізіп, оның барысында "Астана ЭКСПО" ҰК" АҚ басқарма төрағасының халықаралық көрмеге дайындық жайлы баяндамасын тыңдады.
"112 ел қатысатынын растады, олардың 104-і өз комиссарларын бекітті. 94 келісімшартқа қол қойылды, 75 ел ұлттық күндерін өткізетін мерзімдерді алып қойды", - деп хабарлады Ахметжан Есімов.
Кеңес барысында Елбасына энергетика саласы бойынша іс жүзіндегі арнайы халықаралық комиссия таңдап алған үздік 24 жобадан алынған шешімдер таныстырылды. Бұл жобалар көрменің арнайы павильонында көрсетілетіні атап өтілді.
"Екі жылда ерен еңбек атқарылды. Енді бұл жобаларды жабдықтап, қажетті кадрларды таңдап алуымыз керек. Бұл басты мақсат, біз оны бақылауда ұстаймыз", - деп атап өтті Қазақстан Перзиденті.
Кеңес қорытындысы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрге "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-мен және Астана әкімдігімен біріге отырып, халықаралық арнайы көрме аяқталғаннан кейін нысандарды ары қарай пайдалану жобасын даярлауды тапсырды.