Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады.
Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.