Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императоры Акихитомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Императоры Акихитомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты.
Қазақстан Президенті жаһандық қақтығыстарды реттеуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге Жапонияның баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2018 жылдары еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қалыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған шараларды қолға алатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Президент компания қызметімен танысып, шығарған өнімдерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Қазақстандағы болат бұйымдар шығаратын "Токио Роуп Алматы" зауытын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты.
© Ақорда
Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын габион жүйесін (торкөз қалқаншалар) жасау үшін аса берік торлар шығарады.
Зауыттың бірінші кезеңдегі жобалық қуаты 5 тонна металл бұйымын шығаруға жетеді, оның мүмкіндігі алдағы уақытта ұлғайтылмақ. Кәсіпорын өнімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелге де сатылады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Tokyo Rope компаниясы - жоғары технологиялы болат арқандар, көпір кермесін, автошиналардың металл өзектерін, күн энергетикасын өткізуге арналған сымдар және басқа да металл бұйымдарын шығаратын әлемдегі көшбасшы кәсіпорынның бірі.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Токио қаласына кеше ресми сапармен келген болатын. Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.