Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Азия - Еуропа" (АСЕМ) форумының ХІІ саммитінің аясында Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен және Корея президенті Мун Чжэ Иноммен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті проблемаларды, Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.
Мұның алдында Назарбаевтың Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездескені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы соңғы жылдары Еуропа елдерімен тауар айналымы тұрақты түрде өсіп келе жатқанын айтып, Қазақстанда Еуропа капиталының қатысуымен түрлі салаларда 3 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өткен еді.