ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS
Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара ықпалдастық аясын, атап айтқанда екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыра түсу үшін перспективалар бар екенін атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің серіктестікті дамытуға деген мүдделілігі жоғары екеніне тоқталды. "Мен Жапонияда сапармен екі рет болдым. Біз Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту туралы Сіздің идеяңызды қолдаймыз. Жапония – әлемдегі экономикасы ірі елдің бірі, Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз арта түсті және бұл ретте біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз. Өзара ықпалдастығымыздың негізгі саласы – энергетика, әсіресе ядролық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып саналатындықтан, оны Жапониядағы атом стансаларына жеткізе алар еді" – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жобаның – Ақмола облысында сирек кездесетін металлдар өндіретін зауыт жұмыс істейтінін айтып өтті. Бұдан бөлек, ол Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында екі елдің арасында технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды. Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербургте алғаш рет өткен G-20 саммитінен кейін екіжақты кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдірді. "Сіздің Жапонияға 2008 жылғы сапарыңыз экономикалық қатынастарды нығайтуға жақсы серпін берді, сөйтіп стратегиялық деңгейге қол жеткізілді. Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға елеулі көмек көрсетіп жатқанына ілтипатымыз бен ризашылығымызды білдіремін. Біз Сіздің еліңіздің Жапония және Орталық Азия өңіріндегі елдермен арада диалог орнатуға көмегі тиетініне де үміт артамыз" , – деді С.Абэ.
Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара ықпалдастық аясын, атап айтқанда екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыра түсу үшін перспективалар бар екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті еліміздің серіктестікті дамытуға деген мүдделілігі жоғары екеніне тоқталды. "Мен Жапонияда сапармен екі рет болдым. Біз Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту туралы Сіздің идеяңызды қолдаймыз. Жапония – әлемдегі экономикасы ірі елдің бірі, Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз арта түсті және бұл ретте біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз. Өзара ықпалдастығымыздың негізгі саласы – энергетика, әсіресе ядролық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып саналатындықтан, оны Жапониядағы атом стансаларына жеткізе алар еді" – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жобаның – Ақмола облысында сирек кездесетін металлдар өндіретін зауыт жұмыс істейтінін айтып өтті. Бұдан бөлек, ол Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында екі елдің арасында технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды.
Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербургте алғаш рет өткен G-20 саммитінен кейін екіжақты кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдірді. "Сіздің Жапонияға 2008 жылғы сапарыңыз экономикалық қатынастарды нығайтуға жақсы серпін берді, сөйтіп стратегиялық деңгейге қол жеткізілді. Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға елеулі көмек көрсетіп жатқанына ілтипатымыз бен ризашылығымызды білдіремін. Біз Сіздің еліңіздің Жапония және Орталық Азия өңіріндегі елдермен арада диалог орнатуға көмегі тиетініне де үміт артамыз" , – деді С.Абэ.