13 желтоқсан 2015 | 20:54

Назарбаев жемқорлық жайлы: Сыйлық қаласаң - сатып ал

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті республикалық арналардың эфиріндегі сұхбатында экс-шенеуніктерге қатысты атышулы қылмыстық істерге байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті республикалық арналардың эфиріндегі сұхбатында экс-шенеуніктерге қатысты атышулы қылмыстық істерге байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлық жайлы айта келіп, тілшілер Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметов пен "Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке қатысты қылмыстық істерді еске алды. 

"Мемлекеттік шенеуніктің көп ісімен бизнес айналысуы керек. Яғни рұқсат алу туралы процедуралар бар. Жер сатып алғым келсе, мен саған рұқсат сұрап келемін. Сен болсаң соза бересің, соза бересің, сосын адам қол қойып беруің үшін бір нәрсе беру керек екенмін деп ойлайды. Біз осы жайлы сөйлескенде, көп айтатыным: неге бересіңдер? Егер пара алушы, егер пара беруші. Адамдар неге көре тұра, жария етпейді? Қорқады деуге де болады. Сондықтан біз инкогнито түрде хабарлауға келістік. Егер халқымыз осы мәселемен айналыспайтын болса, біз жетістікке жетпейміз (...)", - деді Назарбаев. 

"Сен екі адамды ғана айттың, Павлодар әкімі ше, Атырау әкімі ше (облысының - Авт.), олар қылмыстық іс бойынша қудалауға ұшырады, ал бұрынғы денсаулық сақтау, экологияның министрлері ше. Заң бәріне бірдей. Мен жемқорлықпен күрес бойынша жаңа заңға қол қойдым. Біз әлемдік тәжірибені алдық, кей жерлерін нақтыладық, сыйлыққа дейін тіпті. Егер сыйлық алғың келсе - төле, сыйлықты сатып ал, болмаса оны мемлекетке тапсыр. Яғни, заң нормасы. Әрине, ол жасырып қала алады, бірақ оған төнетін қауіп сейіліп кетпейді", - деді Қазақстан Президенті. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, электрондық үкімет коррупциогендік жағдайларды шешеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети