26 сәуір 2015 | 13:41

Назарбаев жеңіске жететін болса бес институционалдық реформаны жүзеге асыратынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дауыс беру құқығына ие 9,5 миллионға жуық қазақстандық 9700-ден аса сайлау учаскесінде сайлауға қатысып жатқанын атап өтті. "Бүгін азаматтар конституциялық парызын өтеу құқығына ие. Екінші жағынан, олардың өз болашағын таңдауға, биліктің қызметіне баға беруге мүмкіндіктері бар. Қазақстандықтар ең алдымен еліміздің тұрақты дамуы үшін, халық тұрмысының жақсаруы үшін, өзінің және балаларының болашағы үшін, сондай-ақ менің басшылығыммен елде жүргізіліп жатқан саясатты қолдау үшін дауыс беретініне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудың транспаренттілігіне назар аударды. "Сайлау үдерісі мен дауыс беру барысын іс жүзінде 40-қа жуық ел мен халықаралық ұйымдар атынан өкілдік еткен 850-дей шетелдік байқаушылар бақылауда. 170-ке тарта шетелдік БАҚ тіркелді. Біз бүкіл әлемге заңдылықтың сақталуын, ашықтықты көрсетіп отырмыз. Байқаушылар әділ бағасын береді деп санаймын және сайлауға қатысып, қызығушылық танытқаны үшін баршаға алдын ала рақмет айтқым келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы осы сайлауда қазақстандықтар өзіне сенім білдіретін болса, бірінші кезектегі әрекеті бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша комиссия құру болатынын айтты. "Бұл комиссия бес кіші топтан тұратын болады, - дейді ол, - олар заңнамаға өзгеріс енгізуді қажет ететін ауқымды әрі күрделі жұмыс күтіп тұрғандықтан, дереу іске кіріседі. Жалпы, бұл реформалар ел дамуының кезекті кезеңі болып саналады және экономиканы, саясатты, қоғамды қамтиды, сондай-ақ транспаренттілік пен ашықтық үшін қажетті жағдай жасайды.

Қазақстан Президенті барлық үміткер үшін тең жағдайлар жасалғанын, соның аясында олар халыққа өз бағдарламаларын таныстыра алғанын айтты. "Халықтың дәстүрі мен болмысын сақтауға, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешуге байланысты өзге екі кандидаттың да пікірлерін дұрыс деп есептеймін. Олардың ұсыныстарын күн тәртібіне қосып, жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге болады. Жеке өзім Қазақстанның болашағы үшін, атқарып жатқан жұмыстарымызды жалғастырып, нәтижелерін қазіргі және келесі ұрпақ көруі үшін дауыс бердім", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін, 26 наурызда қазақстандықтар ел президентін сайлап жатыр. Таңғы 7-ден бастап елдің барлық өңірінде сайлау учаскелері жұмыс істей бастады.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген болатын. 11 наурызда "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде Қазақстан президенттігіне билік партиясы атынан кандидаттыққа үміткер ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынылды. Сайлауға қатысуын сұраған қазақстандықтардан келіп жатқан көптеген хаттардан кейін Мемлекет басшысы үміткер болуға келісім берді. "Біз алға жылжуымыз қажет. Сондықтан мен алдымызда тұрған күрделі, жаңа міндеттерді іске асыру үшін өз кандидатурамды ұсыну жөнінде сіздермен келісетін болармын", - деді Назарбаев съезде.

Шешім қабылданғаннан кейін Мемлекет басшысы сайлауалды кампанияның барлық процедурасынан өтті, тіл білімін тексеру емтиханын тапсырды. ОСК лингвистикалық комиссиясы Назарбаевтың тілді жетік білетінін айтты. Кейін ОСК Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда Конституциялық талаптар мен конституциялық заңның талаптарына сәйкес екенін мәлімдеді.  

Назарбаев Қазақстан президенттігіне ресми түрді бірінші үміткер болып тіркелген еді. Оған елдің барлық 16 өңірінен 560 мың 523 қол жиналды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети